«Балаларға үлкен жеңістер тілейміз! Өмір бойы сәттілік серік болсын! Жылдар өтер, балалар есейіп, елге сыйлы азамат болып өскен уақытта осы хатты фотоальбомдарының басынан көре алатыны қандай керемет. Сіздерге және балаларыңызға зор денсаулық тілеймін», - деді аурухана директорының орынбасары Инесса Царенко.
Ұлттық Олимпиада комитеті бұл акцияны 2020 жылдан бастап өткізіп келеді.
«Бұл – Ұлттық Олимпиада комитетінің ең сүйікті шараларының бірі. Осы арқылы олимпиадалық қозғалыстың идеологиясы жеткізіліп, үлкен спорт әлеміндегі басты құндылықтар насихатталады. Ұрпақтар сабақтастығы, салауатты өмір салтын сақтап, жас дарындарды спорт мәдениетіне баулу – ортақ міндетіміз. Чемпиондардың жаңа ғана өмірге келген сәбилерге арнаған жолдауы осы идеяның жүзеге асып жатқанының айқын көрінісі», - деді Ұлттық Олимпиада комитетінен.