Олимпиада мен Паралимпиада жүлдегерлері мемлекеттен қанша сыйақы алды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасы Үкіметі 2024 жылы Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпиада және XVII жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы беру туралы қаулы қабылдады.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі атап өткендей, қаулыға сәйкес, Үкімет резервінен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына төлемдер жіберілді. Осылайша, бүгін барлығы 49 спортшы мен 63 жаттықтырушының жеке шотына ақшалай сыйақы түсті.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мынадай мөлшерде ақшалай сыйақылар қарастырылған:
1-орын – 250 000 АҚШ доллары;
2-орын – 150 000 АҚШ доллары;
3-орын – 75 000 АҚШ доллары;
4-орын – 30 000 АҚШ доллары;
5-орын – 10 000 АҚШ доллары;
6-орын – 5 000 АҚШ доллары.
Ақшалай сыйақы жүлдегерлердің бірінші, жеке және бас жаттықтырушыларына да беріледі.
Сонымен қатар Олимпиада мен Паралимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, әкімдіктер спортшыларға жергілікті коммуналдық тұрғын үй қорынан тегін пәтер ұсынады.
Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындарының алдында Елсияр Қанағатов Олимпиада жүлдегерлеріне берілетін сыйақы мөлшерін айтқан болатын.
Айта кетсек, Қазақстан спортшылары Франция астанасында 1 алтын, 3 күміс және 3 қола жүлде жеңіп алған болатын.
Осылайша алтын медаль жеңіп алған Елдос Сметов (дзюдо) 250 мың доллар көлемінде сыйақы алса, күміс медаль жеңіп алған Нариман Курбанов (спорттық гимнастика), Демеу Жадраев (грек-рим күресі), Нұрбек Оралбай (бокс) 150 мың доллар көлемінде қаржылай марапатталды.
Ал қола медаль иеленген Александра Ле және Ислам Сатпаев (оқ ату), Ғұсман Қырғызбаев (дзюдо) және Назым Қызайбай (бокс) 75 мың доллар көлемінде қаржыға қол жеткізді.
Төртінші орын (30 мың доллар). Құрамада төрінші орын алған ешкім жоқ.
Бесінші орын (10 мың доллар): Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Әйбек Оралбай, Сакен Бибосынов (бокс), Абиба Абужақынова (дзюдо), Милад Карими (спорттық гимнастика), Амир Маймұратов (шыңға өрмелеу).
Алтыншы орын (5 мың доллар): Александра Ле (оқ ату), Руслан Курбанов (семсерлесу жекелей сын), Руслан Курбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов и Ерлік Сертай (фехтование, командалық сын).
Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері де осындай қаржылай марапатқа ие болды.