Олимпиада өтіп жатқан жерден 160 км қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиа өтіп жатқан жерден 160 км қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды Ренхап агенттігі.

Оңтүстіккореялық метеорология басқармасының хабарлауынша, жексенбі күні таңертең Оңтүстік Кореяның шығыс жағалауындағы Кенсан-Пукто провинциясының Пхохан қаласында магнитудасы 4,6 магнитудалы болатын жерасты дүмпуі болды.

Жер сілкінісі жексенбі күні жергілікті уақытпен 05.03-те (Астана уақытымен 02.03-те) болған. Сейсмологтар бұл жерасты дүмпуін былтыр қарашада осы ауданда болған 5,4 магнитудалы жер сілкінісінен кейінгі афтершоктармен байланыстыруда. Содан кейін 84 рет жер сілкінісі тіркелген.

Зілзала болған Пхохан қаласы Пхенчханнан - 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындары болып жатқан жерден 160 шақырым қашықтықта орналасқан.

Жер сілкінісі Оңтүстік Кореядағы Сеул және Пусан қалаларында сезілген. Қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.