Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына ауа райының қолайсыздығы кедергі келтіруі мүмкін

АСТАНА. 24 шілде. ҚазАқпарат - Британдық синоптиктер 27 шілде күні Лондонда осы күнге белгіленген Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында жаңбыр жаууы мүмкін деген болжам жасап отыр.

Алайда, жергілікті БАҚ жазғандай, жаңбыр жауса шоу жандана түседі, ашылу салтанатының режиссері Дэнни Бойл егерде сол күні Тұманды Альбионда жаңбыр жаумаса, жасанды жауын-шашынды қолданбақ ниетте екендігін жеткізді, деп хабарлады Утро. ру.