Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері тұтқындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тректегі велоспорттан Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері австралиялық Джек Бобридж үлкен көлемдегі есірткі саудасымен айналысқаны үшін тұтқындалды.

Бұл туралы Perthnow.com.au порталы хабарлады.

Ол бірнеше ай бойы  экстази сатқан. Бейсенбі күні 28 жастағы Бобридж Автралияның Перт қаласында сот алдында жауапқа тартылды. Полиция спортшыны қамауға алу туралы шешімге көндірмек болды.

Бірақ сот Бобриджді 10 мың доллар кепілмен және Батыс Австралиядан шықпау туралы қолхат алып босатқан. Сонымен қатар, оған сыбайластарымен сөйлесуге тыйым салынып, төлқұжаты тәркіленген.

Бобридж  2012 және 2016 жылдардағы Олимпиада ойындарының командалық ізге түсу жарысында күміс медальдар иеленеген.