Шаңғы қоссайысынан Қазақстан намысын Шыңғыс Ракпаров қорғап жатыр.
Алдымен спортшылар шаңғымен тұғырдан секіруден сынға түсті. Қазақстандық Шыңғыс Ракпаров 79.5 метрге секіріп, қорытынды есепте 69.9 ұпай иеленді. Гундерсон жүйесіне сәйкес, шаңғымен жарысуға ол 38-ші болып шығады. Ракпаров көшбасшыдан 4 минут 12 секундқа қалып қойған.
Айта кетелік, әзірге жапониялық Риота Ямамото алда келеді. Ол 133 ұпаймен көш бастап тұр.
Бүгін сондай-ақ, шорт-тректен отандастарымыз мұз айдынына шығады. Онда Ольга Тихонова, Әділ Ғалиахметов және Денис Никиша ел намысын қорғайды.
ФОТО: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК