Отырыста аталмыш заң жобасы бойынша баяндама жасаған Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы Марат Бекетаевтың айтуынша, заң жобасы қабылданатын болса, еліміз халықаралық олимпиада қозғалысын дамыту ісіне үлкен үлес қосқан болып есептеледі. Шарт олимпиада рәмізін таңба немесе басқа белгі ретінде коммерциялық мақсатта заңсыз пайдаланудан қорғауға бағытталған. Заң жобасын депуттар жан-жақты талқылап оны қабылдау қажет деп шешті.
12:46, 21 Қазан 2010
Олимпиада рәмізін қорғау туралы Найроби шартын ратификациялау жөніндегі құжат қабылданды
азанның 21-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар «1981 жылғы 26 қыркүйекте Найробиде қабылданған Олимпиада рәмізін қорғау туралы Найроби шартын ратификациялау туралы» заңды қабылдады.