Olympic.kz-тің мәліметінше, шаңғы қоссайысынан қазақстандық Шыңғыс Ракпаров бақ сынайды. Ол 1995 жылы дүниеге келген жас спортшы.
«Халықаралық жарыстарда жиған ұпайымыз бойынша Олимпиадаға жолдама берілді. Шыңғыс жас спортшы. Ол үшін бұл Олимпиада үлкен тәжірибе болары анық. Екінші жолдама алатын мүмкіндігіміз де болған. Тағы бір спортшымыз кезекте тұр еді. Алайда, аздап ұпай жетпей қалды», - деді команданың бас бапкері Ділшат Мираев.
Бейжің Олимпиадасында шаңғы қоссайысынан 3 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.