ҚР Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткендей, аталған спорт түрінен ел намысын екі спортшы қорғайды. Олар – Сергей Ткаченко және Данил Васильев.
Шаңғымен тұғырдан секіруден Бейжіңдегі қысқы Олимпиадада 105 спортшы бақ сынайды. Оның ішінде 65 ер адам, 40 әйел адам бар.
Жарыс Чжанцзякоудағы Ұлттық тұғырдан секіру орталығында өтеді.
«Қанатты шаңғышылар» бәсекесі 5 ақпанда басталады. Ал ерлер арасындағы финалдық кезең 14 ақпанға жоспарланған.
Айта кетейік, 4 ақпан күні Нұр-Сұлтан уақытымен 17:55-те Ақ Олимпаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді.
Шараны «Хабар», «Qazaqstan», «Qazsport» және «Elarna» телеарналары тікелей эфирден көрсетеді.