Олимпиада: Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев финалға өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен 500 метрлік қашықтықта Абзал Әжіғалиев финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жартылай финалда Әжғалиев өз тобында жарысты екінші орынмен аяқтады. Бұл нәтиже оған А финалына өтуге мүмкіндік берді.

Тағы бір қазақстандық шорт-трекші Денис Никиша өз тобында төртінші орын алып, В финалында бақ сынау мүмкіндігіне ие болды.

Айта кейік, шорт-трек – Қысқы олимпиада ойындарындағы ең тартысты додалардың бірі. Бейжің Олимпиадасында аталған спорт түрінен жалпы тоғыз медаль жиынтығы таратылады.

Ерлер арасында: 500 м

1000 м

1500 м

Эстафеталық жарыс 5000 м

Әйелдер арасында:

500 м

1000 м

1500 м

Эстафеталық жарыс

5000 м

Аралас эстафета

2000 м

Эстафетаға елден төрт спортшы қатысып, дистанция бойынша ауысым жасайды. Бейжіңде Олимпиада ойындарында дебют жасайтын аралас эстафетада әр команда екі ер және екі әйелден өнер көрсетеді.