Ақпанның 11 күні шорт-тректен аталған қашықтықта өткен іріктеу кезеңінде Қазақстаннан бір емес, үш бірдей атлетіміз ширек финалға шыққан болатын.
Алғашқы іріктеу сынында Әділ Ғалиахметов 500 метрді 40,74 секундта жүгіріп өтсе, Денис Никиша 40,482 секундта бағындырып ширек финалға жолдама алды. Ал Абзал Әжіғалиев аталған қашықтықты 40.87 секундта бағындырды. Ғалиахметов өз тобында екінші орынға табан тіресе, Никиша мен Әжіғалиев бірінші орыннан көрінді.
Міне, бүгін осы үш шорт-трекшіміз Олимпиада ойындарының медальына таласады.
Ширек финал, жартылай финал және финалдық кезең бүгін, Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады.
Шорт-трекшілеріміздің осыған дейінгі жетістіктері:
Абзал Әжіғалиев
Абзал 1992 жылдың 30 маусым күні Оралда дүниеге келген. Шорт-тректен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
2011 жылы Азия ойындарында командалық сында 5000 метрлік қашықтықта қола жүлдегер;
2016 жылы әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы. Сонымен қатар сы әлем кубогында 5 шақырымдық эстафетадада қола жүлдегер;
2017 жылы Алматы қаласында өткен дүниежүзілік қысқы Универсиадада 500 метр қашықтықта күміс жүлдегер, сондай-ақ, 5000 метрлік эстафетада қола жүлдегер
Қазіргі уақытта халықаралық конькишілер одағының рейтингінде Абзал Әжғалиев 500 метрге жарысатын спортшылар арасында 3 орында тұр.
Денис Никиша
Денис 1995 жылдың 7 тамызында Қостанайда дүниеге келген. Шорт-тректен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
2014 жылы Түркияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері;
2015 жылы Жапонияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері;
2016 жылы Оңтүстік Кореяда өткен әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері;
2017 жылы Алматы қаласында дүниежүзілік қысқы Универсиаданың қола жүлдегері;
2017 жылы Белоруссиядағы әлем кубогы кезеңінің чемпионы;
2019 жылы Ресейде өткен дүниежүзілік қысқы Универсиада эстафеталық сында қола жүлдегер;
2021 жылы Қытай да және Жапония да өткен әлем кубогы кезеңдерінінің қола жүлдегері.
Әділ Ғалиахметов
Әділ 1998 жылдың 11 қарашасында Оралда дүниеге келген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы, Қысқы спартакиадасының жеңімпазы.
2019 жылы Ресей ашық кубогында 1500 метр қашықтықта күміс жүлдегер;
2021 жылы Бейжіңде өткен әлем кубогының кезеңінде шорт-тректен 1500 метр қашықтықтан күміс жүлдегері.
2022 жылы Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен 1500 метр қашықтықта 8-орын алды.
Үшеуі де тәжірибелі спортшыларымыз. Жүлдеге таласуға мүмкіндіктері өте жоғары. Жерлестерімізге сәттілік серік болып, ел қоржынына жүлде салады деген үміттеміз.