НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін үлкен трамплиннен трамплиннен секіруден іріктеу жарысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл сайыста Қазақстан атынан Даниил Васильев пен Сергей Ткаченко бақ сынады.
Өкінішке қарай, екеуі де келесі кезеңге жолдама алатын 50 спортшының қатарына іліге алмады.
Васильев 69.4 ұпаймен (103 м) 51-орынға ие болса, Ткаченко 54-орынға (60,7 ұпай, 98,5 м) табан тіреді.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қазақстандық үш бірдей шорт-трекшіміз 500 метр қашықтықтан Бейжің олимпиадасының ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.