«Трансляция болады деп үміттенеміз. Қазіргі уақытта ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Нәтижесін жақын арада хабарлаймыз. Мән-жайын анықтаймыз. Меніңше, түбінде көрсетілетін сияқты», - деді С. Сәпиев «Студия 7» бағдарламасында.
11:08, 23 Шілде 2021
Олимпиада трансляциясы болады деп үміттенеміз - Серік Сәпиев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Олимпиада ойындарын отандық телеарналардан трансляциялау мәселесіне орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.