Олимпиада және Паралимпиада ойындарының жүлдегерлері де сыйақы алады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Үкіметі Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне сыйақы беру туралы шешім қабылдады.

Фото: ҰОК

Бұл қадам Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асып отыр.

Үкімет қаулысы қолданыстағы заңнама аясында дайындалып, тиісті мемлекеттік органдармен келісілген.

- Қаулыда халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына мемлекет тарапынан сыйақы тағайындау көзделген.

Сыйақы төлеу тәртібі мен көлемі бұған дейін бекітілген нормаларға сәйкес жүзеге асады, - деп жазды Туризм және спорт министрлігінен.

Бұған дейін 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасы бағдарламасына футзал қосылуы мүмкін екені хабарланды.