Олимпиада жеңімпазы Ольга Рыпакова «Қайрат - Шахтер» матчын тамашалады

None
АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Жеңіл атлет Ольга Рыпакова «Қайрат» пен «Шахтер» арасындағы премьер-лиганың матчын тамашалады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Олимпиада чемпионын ойынға Алматы клубы шақырған. Матч басталар алдында қазақстандық жеңіл атлетке «Қайраттың» 12-інші нөмірлі футболкасы табыс етілді. Ал үзіліс кезінде О. Рыпакова Қазақстан чемпионатында түрлі жас категориялары бойынша медельдар ұтып алған команданың жас ойыншыларын марапаттады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Қайраттың» Алматыдағы Орталық стадионда өткен матчтарын Лондон Олимпиадасының жеңімпаздары Серік Сәпиев пен Илья Ильиндер тамашалаған болатын.