АСТАНА. ҚазАқпарат - Венгрияның астанасы Будапешт қаласында дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы күні Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Елдос Сметов ширек финалда ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол алғашқы айналымда Мозамбик елінің дзюдошысы Неусо Сигокадан айласын асырса, екінші белдесуінде бразилиялық Эрик Такабатакеден, үшінші айналымда ирандық Мохаммад Рашнонеждданан үстем түсті. Өкінішке қарай ширек финалда әзербайжандық Орхан Сафаровтен ұтылып қалды.
Ал 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен тағы бір отандасымыз Ғұсман Қырғызбаевта ширек финалдан аса алмады. Ол чех жігіті Павел Петриковтан ұтылды. Енді екі дзюдошымыз жұбаныш белдесуінде өнер көрсетеді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.