Олимпиада жүлдегерлері Даниял Гаджиев, Гүзел Манюрова және Ақжүрек Таңатаровқа федерация атынан ақшалай сыйақы табысталады

АСТАНА. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - 19 қыркүйек күні Астанада ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Даниял Гаджиев, Гүзел Манюрова және Ақжүрек Таңатаровқа жүлделі орын иеленгені үшін федерация атынан ақшалай сыйақы табыстайды.

Сонымен қатар, аталған спортшылардың жеке бапкерлері Марат Тұрлыхановқа (Даниял Гаджиев), Сәкен Аязбековке (Гүзел Манюрова) және Әділет Сарыбаевқа (Ақжүрек Таңатаров) сыйақылар берілмек.

 Жиынға марапатталатын тұлғалардан бөлек ҚР күрес федерациясының басшылығы, ұлттық құрамалардың бас және аға бапкерлері, күрес ардагерлері қатысады.