Олимпиадада әділетсіздік танытқан түркіменстандық төреші еліне қайтарылды
08:31, 03 Тамыз 2012
АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат -. Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (ХӘБҚ) түркіменстандық төреші Ишангулы Меретниязовты ойынға қазылық ету құқығынан айырды. Бұл Олимпиада боксындағы үлкен дау болды, деп хабарлайды ресейлік жаңалықтар қызметі.
Оның жапондық Сатоси Симидзу мен әзірбайжандық Магомед Абдулхамидовтың арасындағы жекпе-жекте әділетсіздік танытқаны белгілі болды. Үшінші раундта Абдулхамидовтің алты рет соққы алғанына қарамастан, ол 22:17 есебімен жеңіске жетті.
Төрешіні ең кем дегенде үш нокдаунды есептеген жоқ, сондай-ақ жекпе-жекті тоқтатуы тиіс еді деген тұжырымға келген ХӘБҚ, ойын нәтижесін қайта қарап осындай қатал қорытынды жасады.