Олимпиадада болгариялық боксшы Тайваньнан келген трансгендер қарсыласының қолын алған жоқ

АСТАНА. KAZINFORM - Париждегі Олимпиадада әйелдер боксында болгариялық Светлана Станева (57 келі) Тайваньнан келген трансгендер қарсыласының қолын алған жоқ.

Фото: twitter.com/stefanvasilev_

Светлана Станева мен Линь Юйтин жекпе-жегінде болгариялық боксшы қарсыласына 0:5 есебімен есе жіберді.

Рингтен шықпас бұрын Светлана Станева трансгендерлердің жарысқа қатысуына наразылық саналатын саусақтарын Х символына бүктеген символды көрсетті.

Айта кетсек, биыл Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) әйелдер боксы бойынша 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін екі трансгендер спортшыға 2024 жылғы Париж Олимпиадасына қатысуға рұқсат берді.

Бұл салмақта ел құрамасынан қазақстандық спортшы Карина Ибрагимова ширек финалда жарыс жолын аяқтаған еді. 

Линь Юй-тин гендерлік сәйкессіздік пен тестостерон деңгейінің жоғары болуына байланысты 2023 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионатынан шеттетілген болатын.