НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиадада ойындары аясында конькимен жүгіруден ерлер арасындағы 500 метрге жарыс өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған қашықтықта Қазақстан намысын жалғыз спортшы Иван Аржанников қорғады.
Өкінішке қарай отандасымыз үздіктер қатарына қосыла алған жоқ. Ол 500 метр қашықтықты 35:82 секундта жүріп өтіп, 30 спортшыдан 28-орынға ие болды.
Аталған қашықтықты 34,32 секундта жүгіріп өткен қытайлық Гао Тиньюй алтын медаль иегері атанды. Күміс жүлдені оңтүстік кореялық (34,39) Ча Мин Кю қанжығасына байласа, үздік үштікті жапониялық Ватару Мориши (34,49) өз еншісіне жазды.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.