Олимпиададағы спортшыларымыз бірінші ондыққа тұрақтауы мүмкін - Қазақстан басшысы

КӨКШЕТАУ. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысының жұртшылығымен әңгімелесу барысында Мемлекет Басшысы қазақстандық спортшылардың Лондонда өтіп жатқан Олимпиададағы нәтижелерін әңгіме қылды.

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық атлеттердің еліміздің алған медальдар саны бойынша бірінші ондыққа кіретінін қамтамасыз ететініне сенімін білдірді.

«Биылғы жылы спортшыларымыз қуантты. Жалғыз естігім келгені - Қазақстан Әнұраны болды. Енді оны бүкіл әлем естіді - Қазақстанда алты алтын медаль бар. Біздің спортшыларымыз бірінші ондықта болуы мүмкін», - деп атап өтті Қазақстан Президенті.

«Спорт - бұл спорт, ал ел беделі үшін оның үлкен маңызы бар деп ойлаймыз», - деп қосып өтті Ұлт көшбасшысы.