СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы атанған Данияр Қайсановты жерлестері Семей әуежайынан қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үндістан астанасы Нью-Делиде 74 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Д. Қайсанов қарсылас шақ келтірмеген болатын.
Бүгін көк туымызды желбіреткен балуан елге оралды. Әуежайда оны жерлестері, туған-туысқандары мен достары құшақ жая қарсы алды.
«Отандастарымның үмітін ақтағаныма бек қуаныштымын. Осындай сәттер үшін аянбай тер төгу тұрарлық іс. Қысқа мерзімдік демалыстан кейін Олимпиада ойындарына дайындала бастаймын», – дейді чемпион.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.