Олимпиадаға қатысатын қазақстандық спортшылар Буэнос-Айреске келіп жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы ІІІ Жасөспірімдер ойындарына қатысу үшін Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласына келіп жетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM».

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, спортшылар діттеген жерге жету үшін 27 сағат бойы ұшқан. Елордадан Аргентинаның астанасына дейінгі сапар кезінде олар Ыстанбұл және Сан-Паулу қалаларына ғана аялдаған. Бүгінде спортшылар Олимпиада қалашығына жайғасып үлгерді. 6 қазан күні алғашқы жаттығулар басталады.

Еске сала кетейік, Жасөспірімдер олимпиадасына Қазақстан атынан 58 атлет қатысып жатыр