АСТАНА. KAZINFORM - Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде бүгін, 1 маусымда қазақстандық үш боксшы сайысқа түседі.
Ел құрамасынан 1/8 финалда Валентина Хальзова (75 келі) сағат 12:15-те моңғолиялық Эрденетуя Энхбаатармен кездеседі.
Ал 16:30-да 1/8 финалда Назым Қызайбай (50 келі) ұлыбританиялық Саванна Стублеймен шеберлік байқасады.
Сондай-ақ 18:45-те Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63.5 келі) бесінші жолдама үшін колумбиялық Хосе Мануэль Виафарамен қолғап түйістіреді. Бұл жұптың жеңімпазы Александру Параскив (Молдова) пен Эмилио Гарсия (АҚШ) жұбының жеңімпазымен жолдаманы сарапқа салады.
Таиландтағы іріктеу турнирінде Ұлжан Сәрсенбек (54 келі), Римма Волосенко (60 келі) мен Наталья Богданова (66 келі) жарыс жолын аяқтады.
Қазір Қазақстан құрамасы қоржынында Париж Олимпиадасына ерлерде 6, әйелдерде 1 жолдама бар.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.