НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжің Олимпиадасында өтуі тиіс фристайл акробатика жарысы ауа райының қолайсыздығына байланысты бір күн кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті таратқан хабарламада «бүгін Олимпиадада әйелдер арасындағы фристайл акробатика жарысының іріктеу мерзімі өзгерді. Мұндай шешім шара өтетін жерде ауа райының қолайсыздығына байланысты қабылданған. Енді ол 14 ақпанға ауыстырылды. Нақты уақыт кейінірек анықталады «, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, фристайл-акробатикадан әйелдер арасындағы іріктеу жарыс кестесіне сәйкес, бүгін Нұр-Сұлтан уақытмен 17:00 де өтуі тиіс болатын. Бұл додада Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева бақ сынайды.
Сурет: ТАСС
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.