АСТАНА. KAZINFORM – Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының финалдық олимпиадалық іріктеу кезеңінде Словакиямен шешуші ойын өткізеді.
Алғашқы екі турда аталған құрамалар ұпайдан шашау шығарған жоқ. Қазақстандық хоккейшілер Венгрияны 5:2, Австрияны 2:1 есебімен тізе бүктірді. Ал Словакия құрамасы Австрияны 2:1, Словакияны 7:3 есебімен жеңді.
Екі құрама қазірге дейін он мәрте кездесті. Оның 1-де Қазақстан жеңсе, қалғанында қарсыласына есе жіберіп қойды.
Қазақстандық спортшылар Қысқы Олимпиадада 1998, 2006 жылдары бақ сынауға мүмкіндік алды. 1998 жылы жалпы командалық есепте сегізінші орынға тұрақтады. 2006 жылы топтық кезеңде бесінші орынды қанағат тұтып, жарысты жалғастырудан тыс қалды.
Ал 2002, 2010, 2014, 2018, 2022 жылдарда іріктеу кезеңінен аса алған жоқ.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.