АСТАНА. KAZINFORM – Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы олимпиадалық іріктеу кезеңіне дайындықты одан ары жалғастырады. Құрама 20-22 тамыз аралығында елордадағы «Барыс-аренада» оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Қазақстандық хоккейшілер 23 тамызда Чехияға аттанады. 25 тамызда Хомутов қаласында жергілікті командамен жолдастық кездесу өткізеді.
Ал, 27 тамызда ел құрамасы Братислава қаласына аттанып, 29-тамызда алғашқы ойында Венгриямен шеберлік байқасады.
Словакияның «Слован» командасының қақпашысы Андрей Шутов құрама сапына жарыс басталар алдында қосылады.
Бүгін, 20 тамызда ҚХЛ-да ойнайтын хоккейшілер құрама сапын толықтырады. Олардың қатарында Никита Михайлис, Валерий Орехов, Евгений Рымарев, Аркадий Шестаков және Леонид Метальников бар.
Айта кетсек, қазақстандық хоккейшілер финалдық олимпиадалық іріктеу ойындарында Словакияның Братислава қаласында 29 тамыз-1 қыркүйек аралығында Аустрия, Венгрия және Словакия құрамаларымен ойнайды.
Еске салсақ, шайбалы хоккейден ҚР Президенті кубогында Қазақстан олимпиадалық құрамасы екінші орын алды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.