Олимпиадалық салмақ дәрежелері өзгерді

Фото: Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM —  Халықаралық Олимпиада Комитеті Лос-Анджелес 2028 Олимпиадасынан бастап әйелдер боксының бағдарламасы кеңейтілетінін ресми түрде хабарлады.

Олимпиада Ойындарының тарихында тұңғыш рет бокста ерлер мен әйелдер арасындағы қатысушылар саны теңесті. Олимпиада бағдарламасындағы салмақ дәрежелері:

Әйелдер (124 боксшы): 51, 54, 57, 60, 65, 70, 75 келі.

Ерлер (124 боксшы): 55, 60, 65, 70, 80, 90, +90 келі.

Айта кетелік ХОК атқарушы комитеті боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосу туралы ұсыныс жасап, Грекияның Коста-Наварино қаласында өткен Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) 144-ші сессиясында 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына боксты қосу туралы шешім қабылданды.