НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан қоржынына тағы бір қола медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін олимпиадалық іріктеу турнирінің жартылай финалында жұдырықтасқан жерлесіміз Серік Теміржанов қола медальді қанағат тұтты.
Ол жартылай финалда өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловпен жұдырықтасып ұтылып қалды. Осылайша жарысты қола медальмен аяқтады.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ерлер арасында 69 келі салмақта Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда үндістандық боксшыға жол беріп, қола медаль иегері атанған болатын .
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.