Олимпиадалық жеңіс мыңдаған жас жүректі жалындатады - Мемлекет басшысы

АСТАНА. 17 тамыз. ҚазАқпарат - Қазіргі олимпиадалық жеңіс мыңдаған жас жүректі жалындатады.

Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Лондон Олимпиадасына қатысқан Қазақстан ұлттық құрамасына құрмет көрсетуге арналған салтанатты шара барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

«Спорттық жетістік - бұл да ұлы жұмыс. Олимпиадашылардың жетістігі - еңбексүйгіштікке, патриотизмге үлгі, біздің еліміздің жастары мен барлық азаматтары үшін өз күштеріне деген сенімі», - деді ҚР Президенті.

Сонымен қатар, Мемлекет  басшысы тәуелсіздік жылдары ішінде 63 жазғы және қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары, оның ішінде 18  олимпиада чемпионы тәрбиеленіп шыққандығын, 116 қазақстандық түрлі әлем чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болғандығын баса айтты.