Бүгін қазақстандық спортшылар екі спорт түрінен, атап айтсақ шаңғы және коньки спортынан сынға түседі.
Шаңғы жарыстарын «Qazaqstan» телеарнасы көрсетсе, коньки жарыстарын «Хабар» арнасынан тамашалауға болады.
Тікелей эфир уақыты:
«Qazaqstan» телеарнасы
12:00. Шаңғы жарысы 50 шақырымға масс-старт.
Евгений Величко
«Хабар» арнасы:
13:00. Конькиден жүгіру спорты. Масс-старт
Надежда Морозова, Дмитрий Морозов
Айта кетейік, аталған Ақ Олимпиадада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғап жатыр. Олар - қысқы спорт ойындарының ішінде спорттың шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен сынға түсуде.