«Ия, Әділбек бізбен ақылдасқаннан кейін осындай шешім қабылдады. Ол көп жылдар бойы Қазақстан құрамасында өнер көрсетті. Жеңістері де аз емес. Қазақстан жалауын көкке көтерді. Оның жарақаттары бар, емдеу үшін уақыт қажет. Ал спортшының денсаулығы бәрінен де жоғары»,- деді Мырзағали Айтжанов.