Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында фристайлшы Юлия Галышева жеңіп алған жалғыз қола медаль бар.
Бүгінгі күннің жалпы қорытындысы бойынша, жалпы есепте бірінші орында келе жатқан Норвегия құрамасы медальдар санын 29-ғе жеткізді. Олардың қоржынында 11 алтын, 10 күміс және 8 қола (29) медаль болса, екінші орындағы Германия елінің қоржынында әзірге 17 алтын, 7 күміс және 5 қола жалпы (23) медаль бар.
Ал үздік үштікті түйіндеп тұрған Канада спортшыларының еншісінде 8 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль (19). Ал төртінші орында 6 алтын, 5 күміс және 3 қола (14) медальмен Нидерланды құрамасы келеді. Бүгін алғашқы бестікке Франция құрамасы көтерілді. Олар 5 алтын, 4 күміс және 4 қола (13) медаль еншілеп үлгерді.
Айта кетсек, осыған дейін бестіктен түспей келе жатқан АҚШ құрамасы бүгін 5 алтын, 3 күміс және 4 қола (12) медальмен 6-шы орынға түсті.
Естеріңізге сала кетейік, 9-шы ақпанда алауы тұтанған Ақ Олимиада ойындарына Қазақстан 57 жолдама жеңіп алған болатын. Олар спорттың 9 түрінен ел намысын қорғап жатыр. Ал, жалпы Олимпиада ойындарында спорттың 15 түрінен 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Жарыс 25-ші ақпанда өз мәресіне жетеді.