«Бұл жөнінде бұрын да айтқанмын, қазіргі кезде де бұған ниетім бар. Олимпиаданы есепке алмағанда, мен тағы бір-екі марафон өткізіп, осымен тәмамдаймын. Мен уақыттың көбін балаларыммен бірге өткізуім керек», - деді Фара.
Фара 38 жаста, ол 2012 және 2016 жылғы Олимпиада ойындарында 5 000 м және 10 000 м жүгіруден екі алтын медальдан жеңіп алған. Сондай-ақ, оның қанжығасында әлем чемпионаттарындағы алты жеңіс пен Еуропа чемпионаттарында қол жеткізілген бес жеңіс бар. Спортшы бұған Альберто Салазардың жетекшілігімен жаттыққан кезде қол жеткізді. Фара сондай-ақ екі миль (3 218 м) қашықтыққа жүгіруден әлемдік рекорд орнатқан.