«Massagan.com» ұлттық порталы мен «Алтын қазына», «Жігер» қоғамдық бірлестіктері ұйымдастырған «Ердің жеңісі - елдің жеңісі» атты мүшәйраның да қорытындыланар күні таяу. Бүгінге дейін порталға 25 ақынның өлеңі келіп түсті. Интернеттік мүшәйра болғандықтан, ұйымдастырушылар мен қазылар алқасының шешімінен бөлек, сайт оқырмандарының да пікірі ескерілетін болады. Сондықтан да, құрметті портал оқырмандары, поэзия бөліміндегі ұсынылған өлеңдердің ішінен өздеріңізге ұнағандарына дауыс беру арқылы, Сіздер де жыр дүлдүлдерін анықтауға үлес қоса аласыздар. Мүшәйра қорытындысы 16 тамыз күні сайтта жарияланатын болады.
Камал ӘЛПЕЙІСОВА
"Олимпиадашыларға тілек" , "Олимпиада чемпионы Зүлфияға"
Руслан Нұрбай
"Мәртебелі үміт", "Қанатты қазақ"
Әскерхан Ақтай
"Елік -арман", "Алтын тұмарлы сұнқар"
Бердібаев Мейірхан Нағашбекұлы
"Елдің даңқын асырған ", "Әр күн сайын бір алтын "
Бақытбек Бәмішұлы
"Қазақ Елінің олимпиадашыларына", "Ата жолын қуғандар"
Шардарбекова Зеберкүл Кеңесқызы
"Қазақстан қырандары", "Лондонда алған асулар"
Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет
"Олимпиада алауы", "Жарайсыңдар, қыздар!"
Батыров Жұман Бөрібайұлы
"Елбасының батасы жолын ашсын", "Рекордтар жаңарады түрсең білек"
Жангелді(Жан-сері)Немеребаев
"Ер ұлан", "Алтын алған саңлақтар"
Әлібек ШЕГЕБАЙ
"Алтын", "Толағай"
Бақыт Жағыпарұлы
"Жеңімпаздарға"
Жулдыз Кожабекова Казиханкызы
"Тағзым немесе Бекзат рухымен сырласы"
Әбдіков Темірхан Қыстаубайұлы
"Темзамен тілдесу", "Сыр саңлағы"
Әлішер Әлімжан
"Қазақи жұдырық ", "Толағайлар"
Бертай Төкеев
"Олимпиада чемпионы Зулфияға"
Айжан Табаракқызы
"Олимпиадаға қатысушыларға", "Қайрау",
Тайыржан Оразхан
"Ауыр атлеттерге арнау", "Ильяға арнау"
Зікіра Қожаев
"Қазақстан түлегі"
Жеңісбек Сабрайым
"Оу, көзіңді аш қара жұртым, Қазақ анық қара!"
Махмұтбай ӘМІРЕҰЛЫ
"Көк туды желбіретіңдер", "Зұлфия", "Илья"
Ахметұлы Бейсен
"Қазақпен күллі әлем санасуда!", "Желбіре мәңгі көк туым"
Ляззат Мақаш
"Жігерлендіру", " Ананың монологы"
Қапы қалмаңыздар!
Ұйымдастыру алқасы.
01:51, 15 Тамыз 2012
Олимпиадашыларға арналған ақындар мүшәйрасы мәресіне жақындады
АСТАНА. 15 тамыз. қазАқпарат - Төрткүл дүниені жасампаз рух пен жігерге бөлеген жазғы Олимпиада ойындары да мәресіне жетті. Тұманды Альбионның төрінде қазақтың байрағы желбіреген жеңісті сәт ақындарымыздың шабытына шабыт қосты.