«Олимпиакос», АПОЭЛ және «Янг Бойз» Еуропа лигасында «Астананың» қарсыластары атанады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Монакода УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңіне жеребе ойнатылды, деп хабарлады Sports.kz.

Оның қорытындысы бойынша В тобында «Астананың» қарсыластары грекиялық «Олимпиакос», кипрлік АПОЭЛ және швейцариялық  «Янг Бойз»  болады.

Бұл сатыдағы матчтар 15 және 29 қыркүйекте, 20 қазанда, 3 және 24 қарашада, 8 желтоқсанда өтеді.