«Бұл - ең маңызды сәт. Британия екі жолдың бірін таңдауы тиіс: ортақ нарықта қалып, еркін қозғалыс құқығын қабылдау, не болмаса басқа статус алу», - деді Франция басшы.
Британияның жаңа премьер-министрі Тереза Мэймен бірінші кездесуден кейін Олланд Біріккен Корольдіктің Еуропалық одақтан шығу процесін барынша тезірек бастауға кеңес берді.
Мэй 2017 жылға дейін ЕО шығу процесін бастағысы келмейтінін айтты және ЕО-мен тығыз байланысты сақтап, әсіресе Франциямен терорризмге қарсы күресте бірге жұмыс істейтінін жеткізген.
«Егер Британия ЕО-дан шығатын болса, біздің мемлекеттеріміз арасындағы тығыз экономикалық қарым-қатынасты сақтап қалудың жолдарын қарастыру керек», - деді Мэй.
Бұдан бұрын британиялық премьер-министр Германия канцлері Ангела Меркельмен кездескен. Олар Британияның ЕО-дан шығуы саналы және реттелген процесс болуы тиіс деген болатын.
09:09, 22 Шілде 2016
Олланд Британияға Еуропалық одақтан шығу процесін тезірек бастауға кеңес берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британия өз аумағында Еуропа халқының емін-еркін жүруіне рұқсат берсе ғана, еуропалық нарыққа қол жеткізе алады, деп мәлімдеді Франция президенті Франсуа Олланд.