Олланд Малидегі әуе апатында қаза болғандардың мәйттерін Францияға жеткізуге уәде берді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Франция президенті Франсуа Олланд Мали жерінде құлаған жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы кезінде көз жұмған 118 адамның мәйіттері отандарына жеткізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Интерфакс.

«Сол рейсте болған жолаушылардың мәйіттері түгелдей Францияға жеткізіледі. Олардың тұлғаларын анықтау оқиға орнында жүргізіледі», - деді Олланд сенбі күні Франция СІМ ғимаратында қаза тапқан жолаушылардың туған-туыстарымен кездесуі барысында.

Олландтың сөзіне қарағанда, апат орнында мемориал тұрғызылады және мерт болған адамдардың отбасылары оған бара алады.

Республика басшысы елде үш күн қаралы күн жариялатындығын да растады.