Олланд Ниццадағы терактіде көп баланың құрбан болғанын мәлім етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 шілдеде ата-анасымен және әжелерімен ағылшындық жағалауға отшашуды тамашалауға барған көп бала терактіде құрбан болды.

Бұл туралы халқына арнаған өзінің үндеуінде Франция президенті Франсуа Олланд мәлім етті.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде қасында қуыршағы жатқан, пленкамен  бүркелген баланың мәйіті жарияланған болатын, деп хабарлады life.ru.