Өлім жазасынан аман қалған Криста Пайктың жағдайы белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM — Теннесси штатында өлім жазасын орындау әрекетінен аман қалған Криста Пайк есін жиды, деп хабарлайды ТАСС .

Фото: Теннесси түзеу департаменті

— Пайктың «есі кіресілі-шығасылы емес, есін біледі, сөйлесіп, медициналық көмек алып жатыр, — делінген ақпаратта.

30 қыркүйекте Нэшвилл түрмесінде Пайкқа өлім инъекциясының екі дозасы енгізілген. Алайда сотталған әйел тірі қалған. Үкімді орындаушылар осы кезде 7 ине пайдаланған. Бұған дейін адвокаттар әйелдің тромбоцитозбен ауыратынын ескерткен. Мұндай жағдайда препаратты енгізу қан ұйығыштарының пайда болуына және қосымша азап шегуге әкелуі мүмкін.

Пайк Теннесси штатында 200 жылдан астам уақыттан бері өлім жазасына кесілген алғашқы әйел болуы тиіс еді. Алайда үкімді орындау сәтсіз аяқталғаннан кейін штат губернаторы Билл Ли тергеу жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ 2026 жылы орындалуы тиіс тағы бір өлім жазасының күшін жойды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Сирия соты Башар Асадты өлім жазасына кескен болатын. Сондай-ақ оның туысы да адамзатқа қарсы қылмыс жасағаны үшін өлім жазасына кесілді.