Олжас Бектенов CITIC Construction басшысы Ян Цзяньцянмен кездесті

Фото: Фото: ҚР Үкіметі

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министр Олжас Бектенов басқосу барысында CITIC Construction Co., Ltd. төрағасы Ян Цзяньцянмен ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 

Сондай-ақ ұзындығы 768 шақырымды құрайтын «Талдықорған – Өскемен» және 363 шақырым болатын «Қарағанды – Балқаш» автожолдарын реконструкциялау, Сaspi Bitum жол битумын өндіру зауытын жаңғырту бойынша бірлескен жұмыстардың нәтижелері талқыланды. 

Премьер-министр құрылыстың сапалы әрі уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді. 

Өз кезегінде CITIC Construction Co., Ltd. төрағасы Ян Цзяньцян агроөнеркәсіп секторындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді. 

Бұған дейін Үкіметте энергетикалық жобаларды іске асыру барысы қаралғанын хабарлаған едік.