ЕАЭО-дағы жүк ағындарын үйлестірудің интеграцияланған платформасын құру керек - Бектенов

АСТАНА. KAZINFORM – Шымкентте ҚР Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Фото: Үкімет

Жиында Олжас Бектенов ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің географиялық орналасуы транзитпен логистика тұрғысынан елеулі артықшылықтарға ие екенін, бірақ бұл мүмкіндіктерді толық жүзеге асыру үшін инфрақұрылымды жаңғырту және тасымалдарды басқарудың заманауи жүйелерін енгізу қажеттігін атап өтті.

-ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің географиялық орналасуы транзит пен логистика тұрғысынан елеулі артықшылықтарға ие. Алайда, бұл мүмкіндіктерді толық жүзеге асыру үшін инфрақұрылымды жаңғырту және тасымалдарды басқарудың заманауи жүйелерін енгізу қажет. Осы ретте, жасанды интеллект базасында жүк ағындарын үйлестірудің интеграцияланған платформасын құру ұсынылады, бұл жеткізу мерзімдерін қысқартуға, бизнес шығындарын азайтуға және еуразиялық көлік дәліздерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Осыған дейін Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық ету кезеңіндегі басымдықтары туралы жазөдық.