Олжас Бектенов елордадағы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоғын қойды
13:12, 09 Мамыр 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектенов Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектенов қазақ халқының ұлы перзенті, «Халық Қаһарманы» Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоғын қойып, майданда қазақ тапқан қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті.