Олжас Бектенов «Kazakh Tourism» басшысына: Нәтиже болмаса, қоштасамыз

Фото: Үкімет

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Талғат Ғазизовке лауазымына лайық екенін дәлелдеу үшін нәтиже көрсету керектігін ескертті.

- Талғат Жанатұлы, сіз осы қызметке жаңадан келіп отырсыз. Бірақ соған қарамастан өзіңізден нақты нәтиже күтеміз. Нәтиже болса, әрі қарай жұмыс істей бересіз. Нәтиже болмаса, қоштасамыз, Келістік пе, - деді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында Министрлер кабинетінің мүшелері туризмді дамыту мәселелерін қарап жатыр. 

Сонымен қатар 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын пысықтайды.

Отырыс қорытындысында баспасөз мәслихаты өтеді. Онда Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап береді.