Үкімет отырысында Премьер-Министр елдегі су тасқынына байланысты ахуал жайында баяндама жасаған Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықовқа: «Керек болған жағдайда қосымша реурстарды, күштерді жұмылдыруға дайынсыздар ма?» деп сұраған еді. Сауалға жауап берген вице-министр дайын екендіктерін атап өтті.
«Дәл солай. Қазіргі уақытта 11 мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр және 4 мыңнан астам техника жұмылдырылған. Егер қосымша қажет болса, Қорғаныс министрлігінен де көмек сұрайтын боламыз», - деді Бауыржан Сыздықов.
Осы орайда Үкімет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа ТЖМ-ға көмек көрсетуді тапсырды.
«Сізге Төтенше жағдайлар министрлігіне барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырамын. Техникалық көмекпен бірге жеке құраммен де жәрдем көрсетіңіздер», - деді Олжас Бектенов.