Олжас Бектенов мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру үшін KPI енгізуді тапсырды 

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекеттік органдар мен даму институттарының жауапкершілігін арттыру мақсатында олардың жұмысын KPI-мен белгілеуді тапсырылды.

Фото: видеодан алынған кадр

«Ұлттық экономика министрлігіне мемлекеттік органдармен бірге жұмыс тиімділігін арттыру қажет. Сондай-ақ нысаналы индикаторларға қол жеткізілмейтін болса, олардың жауапкершілігін арттыру бойынша пәрменді және ынталандырушы KPI белгілеуді тапсырамын», - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында. 

Оның айтуынша, KPI жүйесін енгізу инвестициялық ахуалды жақсартуға және нақты нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді. 

Бұған дейін Үкімет басшысы қосылған құн салығы көтерілмейтінін мәлім етті. 

Сондай-ақ, Премьер-Министр осы жылы қаңтар 0,6% ғана өскен инвестицияларға қатысты мемлекеттік органдардың жұмысының сапасыздығын айтты.