Олжас Бектенов металлургия қарқыны төмендеп кеткеніне алаңдаулы

Фото: Qarmet

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында металлургия өнеркәсібінің қарқыны төмендеп кеткеніне алаңдаушылық білдірді.

- 11 айдың қорытындысы бойынша Жалпы ішкі өнімнің өсімі 6,4% болды. Жалпы экономикадағы оң көрсеткіштерге қарамастан, сауда және құрылыс салаларында, сондай-ақ көлік қызметтерінде өсімнің біршама баяулап қалғаны байқалады. Металлургия өнеркәсібіндегі өсу қарқыны да төмендеп кеткенін баса айтқым келеді. Бұл сала – экономиканың негізгі тірегі, - деді ол.

Үкімет басшысы тиісті сала басшыларына металлургияның орнықты дамуын қамтамасыз етуді тапсырды.

- Өндірістің әлеуетін толық іске асыруға бағытталған шаралар қабылдау маңызды. Жыл қорытындысы бойынша экономиканың өсу қарқынын сақтап қалу қажет, - деді Премьер-министр.

Айта кетейік, бүгін Үкіметте 11 айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы қаралып жатыр.