Олжас Бектенов Торғай өңіріне қажетті қаражат бөлуді тапсырды

Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Торғай өңіріне қажетті қаражат бөлуді тапсырды. 

— Бүгінгі тақырыптан тыс мәселе ол — Торғай өңірін қолдау. Назар аудару керек. Серік Мақашұлы (Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Жұманғарин), Мәди Төкешұлы (Қаржы министрі Такиев), қажетті қаражатты бөлу керек. Ұсыныс енгізіңіздер, — деді Үкімет басшысы.

Осы орайда Үкімет отырысына арнайы келіп қатысып отырған Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ұсыныс дайындалып жатқанын айтты.

Айта кетейік, Үкімет отырысында өңдеу өнеркәсібін дамыту және цифрландыру мәселесі қаралып жатыр.