Олжас Бектенов жаңа министрге ведомство алдында тұрған маңызды міндеттерді белгіледі. ЦДИАӨМ-ге жасанды интеллект технологияларын кеңінен қолдану, ІТ-қызметтердің экспортын ұлғайту мақсатында табысты стартаптарды дайындау үшін қолайлы орта құру жұмысын жалғастыру, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейту тапсырылды.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Мәдиев Қазақстан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды.