Олжас Сүлейменов Астана процесінің тараптар үшін маңыздылығына тоқталып, ғаламдық деңгейдегі келіссөздің елордада ұйымдастырылуын тарихи жетістік деп атап өтті, деп жазады Хабар 24.
«Астананың осындай салмақты, әлемдік қауіпсіздікке қатысты келіссөз ордасы ретінде таңдап алынуы тегін емес. Себебі Қазақстанның жүргізіп отырған саясаты бейбітшілікке үндейді. Аймақтық қауіпсіздік мәселесіне қатысты арағайындық танытып отырған Астананың осы келіссөзден кейін танымалдығы артып, беделі көтеріледі», - дейді қоғам қайраткері.
«Бұл процестің өтуінің өзі - үлкен жеңіс, себебі түрлі топтардың бір үстелдің басына жиналып, келіссөз жүргізуге келіскені үлкен үмітке жетелейді. Осында бас қосатындар бір шешімге келеді деген сенімдемін. Бұл процесте әр тараптың мүддесі ескеріледі деген үміт басым», - деп қорытты сөзін О. Сүлейменов.